Принтерді орнату үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Жабдықты орнату
Картриджді сиямен толтыру, сия картридждерін немесе сия салынған контейнерлерді орнату және қағаз салу сияқты принтердің жабдықтарын реттеу туралы толық мәлімет алу үшін қағаз орнату нұсқаулығын қараңыз.
Драйверлерді орнату
Принтердің жабдықтарын реттеп болғаннан кейін драйверлерді орнатыңыз. Драйверлер осы шағын дискіде келесі жол бойынша орналасқан:
Принтер драйвері
\Driver\Printer\Driver
Сканер драйвері (тек көп функциялы принтер)
\Driver\Scanner2\Driver
Fax Utility (тек факсқа қолдау көрсететін принтер үшін)
\Apps\FaxUtility
PCL не PS3(PostScript3) принтер драйвері (тек қолдау көрсетілген принтер үшін):
Кейбір басып шығару мүмкіндіктері PCL және PS3 драйверлері арқылы қолжетімді емес. Барлық басып шығару мүмкіндіктерін пайдалану үшін жоғарыда айтылған принтер драйверін орнатыңыз.
Принтердің PCL немесе PS3 басып шығару тілдерін қолдайтынын тексеру үшін Пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз, одан кейін драйверді орнату үшін нұсқауларды орындаңыз.
PCL принтер драйвері
\Driver\PCLUniversal\
не
\Driver\Universal\
PS3(PostScript3) принтер драйвері
\Driver\PostScript
Желі қосылымы және конфигурациясы
LAN кабелін жалғаңыз немесе желіге сымсыз түрде қосылу үшін принтердің басқару панелін пайдаланыңыз. Желі параметрлерін конфигурациялау үшін EpsonNet конфигурациясын іске қосыңыз.
EpsonNet Config
\Network\EpsonNetConfig
Нұсқаулықтарды жүктеп алу
Толық мәлімет алу үшін нұсқаулықтарды Epson қолдау көрсету веб-сайттарынан жүктеп алуға болады.
http://www.epson.eu/Support (Еуропа)
http://support.epson.net/ (Еуропадан тыс)